ҚР монополияға қарсы күрес мекемесінің басшысы қызметін атқару міндеті Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов қызметтен босатылған болатын. Мұндай шешім агенттікті қайта құруға байланысты қабылданған. Мемлекет басшысының өкімдерімен сондай-ақ, Жаннат Ертілесова агенттік төрағасының бірінші орынбасары, Алмас Мыңбаев пен Бақытжан Сағынтаев агенттік төрағасының орынбасарлары қызметтерінен босатылды.