Бұған дейін бұл қызметті Ерболат Досаев атқарғаны белгілі. Ал Ерболат Досаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалғанын бұған дейін де хабарлағанбыз.
О.Жандосов 1961-жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша тәмамдады.
1993-жылдың ақпанынан 1994-жылдың қаңтарына дейін шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы әрі ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1996-98-жылдарда Ұлттық банк төрағасы, 1998-жылдың ақпанынан 1999-жылдың қаңтарына дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің төрағасы, кейінірек вице-премьер - қаржы министрі болды. Сондай-ақ, ол "KEGOC" Ұлттық компаниясы мен Қазақстан қаржыгерлерінің Қауымдастығын басқарды. "Ақжол" демократиялық партиясының тең төрағасы. Соңғы уақыттарда О.Жандосов елбасының көмекшісі болып қызмет атқарды.
KZ-today ақпарат агенттігіне мәлім болғанындай, Агенттік бұдан былай тек табиғи монополияларды реттеу ісімен ғана айналысатын болады, соған сәйкес аталмыш мемлекеттік мекеменің атауы өзгертіледі деп күтілуде. Ал бәсекелестікті қорғау мәселелерінің топтамасы Бас прокуратураның құзырына беріледі. Сонымен бірге, ҚР монополияға қарсы күрес жөніндегі Агенттігі ендігі жерде тікелей Қазақстан Елбасына бағынатын болды.