Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Асқар Шәкіров АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық бала асырап алу мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Джейкобспен кездесті.
Омбудсмен баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар халықаралық деңгейде балалар құқын қорғау, мемлекеттердің бала асырап алу мәселесінде жан-жақты ынтымақтастық орнатуын қамтамасыз ету жайы сөз болды.
Кездесу соңында балалар құқын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі атап өтілді.