ҚР өрт салдарынан 4 адам қаза болып 5 адам ауруханаға жеткізілді - ТЖМ

ТЖМ ақпараты бойынша, Астанада 25 желтоқсанда сағат 06.59 үй ретінде пайдаланылған гараждың 20 шаршы метрін шарпыған өртті сөндіру кезінде, 3 ересек адамның мәйіті табылды. Тілсіз жау ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 08.50 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 14 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Астанадағы Кирпичный поселкесінде уақытша үй ретінде қолданылған баспанада орын алған өртті ауыздықтау кезінде, 55 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Өртті ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ қызметінің 10 адамы және екі техникасы қатыстырылды.

Актауда 25 желтоқсанда сағат 21.17 көлік өртке оранып, 5 адам қатты күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оның қатарында 6 жастағы бала да бар. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 22.47 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 7 адам және 1 техника жұмылдырылды.