ТЖМ ақпараты бойынша, 18 желтоқсанда сағат 08.50 Талдықорғанда, жер үйдің 48 шаршы метрін шарпыған өртті сөндірген кезде 3 ересек адам мен екі жас нәрестенің денелері табылды. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды. Бұл жұмысқа 9 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Ал Алматыда көп қабатты пәтерлердің бірінде шыққан өртті ауыздықтау кезінде 55 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Жергілікті тұрғындар ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі келмей жатып, өртті сөндіріп үлгерді.
18 желтоқсанда сағат 13.25 Солтүстік Қазақстан облысының Лобаново ауылындағы жер үйлердің бірінде 64 шаршы метр жерге тараған өртті сөндірген кезде ер адамның мәйіті табылды. Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілді. ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі шақырылмады.
Алматының Әуэзов ауданындағы үйлердің бірінде өрт ұшқыны 70 метр жерге жайылған. Өрттен зардап шеккен 61 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы және екі техникасын жұмылдыру арқасында сөндірілді.
Сонымен қатар, 18 желтоқсанда 07.33 сағатта Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында " Қазақмыс Корпорациясы " ЖШС әкімшілік ғимаратының үшінші қабатында 40 шаршы метр жерін от жайлады. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 08.54 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 21 адам және 6 техника жұмылдырылды