ҚР Орталық Азияда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарды төмендету жөнінде бағдарламаларды жүзеге асырудың көшбасшысы болды -БҰҰ

" В. Божко мен С. Брисеньоның кездесуі барысында екі жақтың қатынастары, соның ішінде зұлмат қауіпсіздігін азайту жөніндегі Халықаралық стратегияның жүзеге асырылуы, Орталық Азияда су тасқыны мен зілзала қаупін азайту жөніндегі БҰҰ бағдарламасының іске асырылуы, Қазақстанда зардаптарды азайту жөніндегі аймақтық орталықты құру жөнінде мәселелер талқыланып, екі жақты байланыстарды кеңейтудің нақты қадамдары белгіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз хатында айтылғанындай, С. Брисеньо ҚР ТЖ министрлігінің басшысын биылғы жылдың желтоқсанында Малайзияда өтетін Төтенше жағдайлар министрлігі басшыларының III кездесуіне шақырды.

"Кездесу Қазақстан мен БҰҰ арасында Орталық Азиядағы тосын оқиғалар кезінде ТЖ шаралары және азаматтық төтенше жоспарлау саласы бойынша қарым қатынастары дамуының кезекті бір қадам болды", -деп қорытындылады баспасөз қызметі.