ҚР Орталық сайлау комиссиясы кезекті президент сайлауында "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесінің артықшылықтарын мейлінше пайдаланбақшы

"Біз жабдықтарды жұмыс режимінде тексеруді қыркүйек айында қолға алуымыз қажет",- деді О.Жұмабеков. Сонымен бірге "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесінің операторларын оқытуды алдағы қыркүйекте аяқтап шығу қажет. Әрбір сайлау учаскесіне осындай екі оператордан дайындалады.

Орталық сайлау комиссиясы электронды дауыс беру жабдықтарын сайлау учаскелері орналасатын ғимараттарға қыркүйек айында жеткізбекші.
Сонымен бірге азаматтардың жеке куәліктеріне штрих-код жапсыру шарасы одан әрі жалғасады. О.Жұмабеков осы орайда республика аймақтары тиісті жабдықтармен және бағдарламалармен толық қамтамасыз етіледі деп сендірді.
Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясы азаматтарды электронды сайлау бюллетеньдерін пайдалана білуге оқыту жұмыстарын ұйымдастыру қажет деп санайды. Осы мақсатпен Орталық сайлау комиссиясы бейнероликтер мен фильмдер, сондай-ақ, баспа өнімдерін шыарып таратуды қамтамасыз етпекші.
Осы орайда тамыз айының басында өткен кеңесте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков алдағы президент сайлауында "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесі пайдаланыла ма деген сауалға мардымды жауап бере алмаған болатын.