ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау процессіне қатысушыларға арнап үндеу қабылдады



"Мемлекетіміз саяси партиялардың, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етумен бірге шетелдік және жергілікті бақылаушылардың президент сайлауына атсалысуын құптайды",- делінген мәлімдемеде.
"Мемлекеттік мекемелер заңды әрі зорлық-зомбылықтан ада, бейбіт митингілер өткізу еркіндігін қамтамасыз етуге және митингілер өткізуге рұқсатты әркімге алаламай беруге тиіс. Мұндай рұқсат қазіргі ел басшылығына да, басқа үміткерлерге де бірдей бір жерде, бірақ әртүрлі уақытта берілуге тиіс",- делінген Орталық сайлау комиссиясының құжатында.
"Сайлау науқанына қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарын нақты бір бір тақырыпта жүргізіп, жеке басқа шабуыл жасаудан және жала жабудан бас тартуға тиіс",- делінген мәлімдемеде.
"Президенттіктен үміткерлердің сайлау алдындағы штабтары сайлау заңнамасы мен басқа да заңдарға бұлтарыссыз бағынуға және митинг өткізуге рұқсат беру жөнінде өтініш тапсыруға міндеттеме жүктеп алумен қатар, сайлау алдындағы науқан, дауыс беру және дауыс санау мерзімінде, сондай-ақ, сайлау қорытындысы шыққаннан кейін де өздері көздеген саяси мақсатқа қол жеткізу үшін бейбіт әрі заңды, зорлы-зомбылыққа негізделмеген әдістемедлерді қолдануға міндеттеме жүктеп алуға тиіс",- делінген.
"Мен тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылығымен ақылдастым. Олар мәлімдемені толықтай қолдады",- деді О.Жұмабеков.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті