ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін жасау жөніндегі нұсқаулар жобасын жасады

Орталық сайлау комиссиясының төрайымының хабарлауынша, нұсқаулар жобасы саяси партиялар, БАҚ-тар мен көші-қон қызметтерінің қарауына жолданды. Олар өз ұсыныстары мен ескертпелерін үш күн ішінде келтіруі тиіс. ҚР Орталық сайлау комиссиясы нұсқауларды осы ұсыныс-ескертпелердің негізінде қабылдайды.

З.Балиева осыған байланысты журналистерге сайлаушылар тізімін жасау туралы республика азаматтары арасында түсініктеме тарату қажеттігін ескертті. "Қазір азаматтар сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріне қарай енгізіледі. Бұл норма сайлаушылар дауысын бас пайдасына жарату мүмкіндігіне тосқауыл қою үшін заңға енгізілген",- деді З.Балиева.
"Біз сайлау процесінің ең бір күрделі кезеңі - сайлаушылар тізімін жасауға кірістік. Жалпы сайлау науқанының қалай өтетіндігі сайлаушылар тізімінің қаншалықты толыққанды әрі дұрыс жасалғанына тікелей байланысты болмақ",- деді комиссия төрайымы.