ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың Астанада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, "қазіргі жағдаймен халықаралық бақылаушылардан Орталық сайлау комиссиясына қандайбір ескерту келіп түскен жоқ". "Бұл мәліметтер өзгереді деп ойламаймын",- деді ол.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мәліметіне сәйкес, "қазіргі сенат депутаттарынан 11 адам қайтадан сайлауға қатысты, олардың үшеуі жеңілді. Сайлауда жеңіске жеткендерден бір адам Азаматтық, біреуі "Асар", біреуі "Ауыл", 10 адам "Отан" партиясының мүшелері. 2 адам қандайбір партияға мүше болып табылмаса, бір кісі қандай партияға жататынын көрсетпеген".
Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлаушылардың 96 проценті дауыс беруге келді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы жария еткен алдын-ала мәліметке сәйкес, Ақмола облысында 143 сайлаушыдан дауыс жинаған (54%) облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, Ақтөбе облысында 129 сайлаушының дауысын жинаған (82,2%) қазіргі сенат депутаты Еділбай Иманқұлов, Алматы облысында 252 (83,4%) сайлаушының дауысын жинаған "Отан" партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов, Атырау облысында 112 сайлаушының дауысын (96,6%) жинаған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Есжанов, Шығыс Қазақстан облысында 265 дауыс жинаған (89,5%) облыстың бұрынғы әкімі Талғатбек Абайділдин, Жамбыл облысында сайлаушылардың 162 (97%) дауысын жинаған қазіргі сенат депутаты Өмірбек Бәйгелді, Батыс Қазақстан облысында 142 сайлаушының дауысын (89,3%) жинаған қазіргі сенат депутаты Рашит Ахметов, Қарағанды облысында 200 дауыс жианаған (72,2%) облыс прокуроры Серік Ақылбай, Қызылорда облысында 74 дауыс жинаған (52,1%) қазіргі сенат депутаты, "Отан" партиясының мүшесі Бақберген Досманбетов, Қостанай облысында 254 дауыс жинаған (88,5%) қазіргі сенат депутаты Евгений Аман, Маңғыстау облысында 56 дауыс жинаған (56%) "Отан" партиясының мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов, Солтүстік Қазақстан облысында 179 дауыс жинаған (84%) қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев, Оңтүстік Қазақстан облысында 161 дауыс жинаған (55,1%) "Отан" партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов жеңді.
Астанада сенат депутаттарының сайлауы барысында 20 дауыс жинаған (95,2%) қазіргі сенат дерпутаты Аманжол Бөлекбаев, Алматыда 34 дауыс жинаған (97,1%) қала әкімінің кеңесшісі Ахан Бижанов жеңді.
Сайлаудың ақырғы қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы 25-тамызға дейін бекітеді. Ал 28-тамызға дейін депутаттар тізімі баспасөз беттерінде жариялануға тиіс.