ҚР Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттары сайлауының қорытындысын бекітті

"ҚР парламенті сенатының депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру қорытындысы туралы облыстық, Алматы және Астана қалалық сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы парламент сенатының сайлауы барлық 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында өтті деп танылды",- делінген хабарламада.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сенаттағы 16 орын үшін 36 үміткер таласты. Сайлауға жанама сайлаушы ретінде барлық 3287 мәслихат депутаттарының 3155-і немесе жалпы сайлаушылардың 95,98 проценті қатысты. 135 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Сайлау қорытындысы бойынша депутаттыққа мынадай адамдар сайланды: Ақмола облысында облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, Ақтөбе облысында қазіргі сенат депутаты, Қазақстан Азаматтық партиясының мүшесі Еділбай Иманқұлов, Алматы облысында "Отан" партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов, Атырау облысында облыс әкімінің орынбасары, "Отан" партиясының мүшесі Қайрат Есжанов, Шығыс Қазақстан облысында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары, "Отан" республикалық партиясының мүшесі Талғатбек Абайділдин, Жамбыл облысында қазіргі сенат депутаты, "Отан" республикалық партиясының мүшесі Өмірбек Бәйгелді, Батыс Қазақстан облысында қазіргі сенат депутаты, "Асар" партиясының мүшесі Рашит Ахметов, Қарағанды облысында облыс прокуроры Серік Ақылбай, Қызылорда облысында қазіргі сенат депутаты, "Отан" партиясының мүшесі Бақберген Досманбетов, Қостанай облысында қазіргі сенат депутаты Евгений Аман, Маңғыстау облысында "Отан" партиясының мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов, Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев, Оңтүстік Қазақстан облысында "Отан" партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов, Павлодар облысында облыс әкімінің орынбасары, Қазақстанның социал-демократиялық "Ауыл" партиясының мүшесі Жақай Нұрғалиев . Астанада қазіргі сенат дерпутаты, "Отан" партиясының мүшесі Аманжол Бөлекбаев, Алматыда қала әкімінің кеңесшісі, "Отан" партиясының мүшесі Ахан Бижанов жеңді.