Атап айтқанда, О.Жұмабеков миссияның тұжырымын сайлауы бақыланған елдің орталық сайлау органында алдын-ала талқылау тәжірибесін енгізу, миссиялардың құрамына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросына мүше-елдердің өкілдерін бірдей қатыстыру жөнінде ұсыныстар жасады.
Дүниежүзінің 55 елінен өкілдер жиналған осынау алқалы жиында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков Қазақстан Республикасындағы демократиялық өзгерістердің эволюциясы және сайлау заңнамасын өзгерту барысымен таныстырды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы сайлау жүйесі халықаралық стандарттарға мейлінше жақындатылып, ішкі заңнаманы үйлесітру жұмыстары жалғасын тапқаны туралы атап өтілді.
"Тәуелсіздік алғанға дейін сайлау заңнамасына қатысты нақты бір дәстүрі қалыптаспаған Қазақстан үшін бұл бірегей іс",- делінген хабарламада.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" заңындағы жаңалықтар туралы , нақтырақ айтсақ, азаматтар мен сайлаушылардың құқығын қорғауға, сайлау комиссияларына заңсыз қысым көрсету мүмкіндіктерін жоюға, сайлау барысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңалықтардан кеңеске қатысушыларды құлағдар етті. Ол заңнаманы жаңалауда Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросымен етене жақын әрі конструктивті ынтымақтастықтың айрықша маңызды роль атқарғанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті