"Мен өз пікірімнен ауытқымаймын. ҚР Ата заңының 94-бабына сәйкес, кезекті президент сайлауы қазіргі президенттің 7 жылдық өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін өтуге тиіс",- деді О.Жұмабеков. "Қазақстан президенті 1999-жылдың 20-қаңтарында қызметін атқаруға кірісті. Демек, президенттің өкілеттілік мерзімі 2006-жылдың 20-қаңтарында аяқталады. Егер ҚР Ата заңының 94 және 41-бабына жүгінетін болсақ, президент сайлауы қазіргі Елбасының өкілеттілік мерзімі аяқталған жылдың желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өткізілуі тиіс. Ал желтоқсан айының алғашқы жексембісі 2006-жылдың 20-қаңтарынан кейін келетіні белгілі",- деді О.Жұмабеков.
Осы орайда ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы "президент сайлауына қатысты мәселе шын мәнінде пікірталас ұшқынын өршітіп, бұл тұрыда түрлі пікір айтылып жатқанын" атап өтті. О.Жұмабеков "президент сайлауының мерзімін жариялау құқығына жалғыз мәжіліс қана ие" деді.