Бұл туралы осы елден ҚазАқпарат ХАА-ның тілшісі хабарлайды.
«Басты мақсат Шотландияның Глазго қаласында өтетін әлем чемпионатына және алдағы жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Паралимпиадалық ойындарға жолдама алу», - дейді ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Наталья Манохина.
Ол, сондай-ақ, бүгінгі таңда нормативті орындаған қос спортшымыздың бар екендігін де айтты. Олар - әлемнің алты дүркін рекордшысы Зульфия Габидуллина мен Азия Паралимпиадалық ойындарында 5 рет алтын медальды жеңіп алған Ануар Ахмедовтер.