ҚР парламенті Алматыдағы Республика сарайына жабдық сатып алуға грант тарту туралы келісімді бекітті

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жапония үкіметі Алматыдағы Республика сарайына музыкалық жабдықтар сатып алуға 49 млн. 800 мың йен көлемінде грант бөлмекші. Грант қаржысына Қазақстан аумағында сатып алынатын құрал-жабдықты ел ішінде тасымалдауға байланысты шығындарды "Республика сарайы" РМК өз есебінен өтейді.

Келісімге Қазақстан және Жапония сыртқы істер министрлері 2004-жылдың 27-тамызында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің желісімен дамуға ресми көмек бағдарламасының аясында қол қойған. 2005-жылдың наурыз айының басында келісімнің мерзімін 2006-жылдың 31-наурызына дейін ұзарту үшін ҚР СІМ мен ҚазақстандағыЖапония елшілігі арасында нота алмасу шарасы іске асырылды.
Келісімді бекіту туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.