ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жапония елшісімен кездесті



Баспасөз қызметінің хабарлауынша, достық сипаттағы сұхбат барысында елші өзі осында болған мерзімде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ауқымды реформаларды жүзеге асырғанын ерекше атады. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға да өз ықпалын тигізді, деді ол. Тек былтырғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымының ауқымы екі есе өсті.
Өз кезегінде мәжіліс спикері елшіге Қазақстан мен Жапония арасындағы байланысты дамытуға белсене үлес қосқаны үшін ризашылық білдіріп, Тосио Цунодзаки мырзаның Қазақ елінің сенімді досы болып қала беретініне сенім білдірді.
Сонымен бірге тараптар екі ел арасындағы етене жақын достықтың жемісті әрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті