ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Елбасы бірқатар тапсырмалар берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев атқарушы органдарға халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге қажетті заң жобасын әзірлеуді тапсырды.
           «Биылғы жылдың қараша айында ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге және ұйымдастыруға қажетті заң жобасы үкімет қарауына беріледі. Мен оны шұғыл қаралатын құжат деп жариялаймын. Аталған заңды 2014 жылдың бірінші тоқсанында қабылдауымыз қажет», - деді Н.Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Келесі жылдың І тоқсанында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуді ұйымдастыруға қажетті заң қабылдануы тиіс. «Ағымдағы жылдың қарашасында Үкімет «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуді ұйымдастыруға қажетті заң жобасын және оған қажетті нормаларды енгізетін болады», - деп атап өткен Елбасы оны қарау шұғыл арада жүргізілуі қажеттігін баса айтты.

«2014 жылдың 1 тоқсаны ішінде аталған заңды қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Парламенттің алдағы басым міндеті - жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңды қабылдау. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Маңызды басым міндет - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңды қабылдау, заңдарға өзгертулер енгізу. Онда барлауға құқық беру жүйесін түбегейлі жеңілдету, жер қойнауын жоспарланбаған алыпсатарлық практикасынан қорғау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, кейбіреулер кезінде жерді меншігіне алып, әлі күнге дейін оған инвестиция құймай отыр. Сондықтанда бұл жайттың ақ-қарасын ашу қажет. Жерді пайдаланбай отырғандардан мемлекетке қайтарып алып, оны басқа инвесторларға беру қажет.

«Осылайша, біз геологиялық барлауға жаңа инвестиция тарта алатын боламыз. Мен бұл тұрғыда ірі стратегиялық кен орындарының жұмысына қатысты тапсырма бердім. Атап айтқанда, келісімшарт жасау кезінде біздің экономикамызды әртараптандыруға жәрдемдесу тұрғысында инвесторларға міндетті талап қою тетіктерін қарастыру керек», - деді ҚР Президенті.

Қазақстанның бірінші жартыжылдықтағы ішкі жалпы өнімінің көлемі жақсы көрсеткішке тең болып отыр.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің елдің ІЖӨ 5 пайыздан асты. Әлемдік экономикалық үдерістің бүгінгі жағдайында бұл - жаман емес көрсеткіш», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12 мың АҚШ долларынан асқандығын еске салып өтті. Бұған қоса, Н. Назарбаев Ұлттық қордың валюталық активтерін қосқанда Қазақстанның халықаралық жиынтық резервтері 90 млрд. долларға жуық қаржыны қамтып отырғандығын айтып өтті.

Сөз соңында Елбасы Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін мүмкіндіктерді кеңейту бағытында тиісті заңнамалық шаралар іске асырылып жатқандығын жеткізді.

Жаңадан сайланған әрбір әкім өзіне жүктелген жауапкершілікті лайықты атқаруы тиіс.

«Қысқа мерзімде әкімшілік реформаның жаңа кезеңі жүргізілді. Біріншіден, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. «А» корпусы қалыптастырылды. Бұл жоғары талаптар бекітілген 543 мемлекеттік қызметкерді қамтып отыр», - деді Елбасы.

Осы орайда Президент саяси қызметкерлер саны 7,5 есеге қысқарғандығын атап өтті. Мұнымен қоса, Н. Назарбаев жергілікті өзін-өзі басқару реформасы жүргізілгендігін, ауылдық деңгейде қосымша 5 мың штаттық бірлік бөлінгендігін, оларға 67 мемлекеттік функция бекітілгендігін еске салып өтті.

Бүгінде ауылдық әкімдер салық жинау, бюджетті қалыптастыру, тұрғындардың қатысуы арқылы жергілікті проблемаларды шешу үшін қаржыландыру құқығына ие болғанына тоқталған Президент, «2,5 мың жергілікті әкімдердің сайлауын өткізу маңызды қадам болды. Бұл еліміздің барлық әкімдерінің 91 пайызы», деді.

«Жергілікті жерлерге осынша өкілеттіктер берілді. Бұл олардың жергілікті көкейтесті мәселелерді дербес әрі уақытылы шешуіне мүмкіндік береді деп санаймыз. Сонымен қатар бұл әкімдерге отандастары мен мемлекет алдында аса зор жауапкершілік жүктелді. Әрбір әкім бұл жауапкершілікті сезініп, өз міндеттерін лайықты атқаруы тиіс», - деп түйді Н. Назарбаев.


Парламент үшінші сессия барысында Кәсіподақ туралы жаңа заң қабылдауы керек.

«Әлеуметтік жаңғырту, еңбек қарым-қатынастары мәдениетінің артуын талап етеді», - деген Мемлекет басшысы Парламент қазақстандық кәсіподақ қозғалыстарының жаңғырту ісін нақты қолға алу керектігін баса айтты.

«Үшінші сессия жұмысы барысында таяу аралықта Үкімет енгізетін Кәсіподақ туралы жаңа заңды қабылдау керек», - деді Н. Назарбаев.

Парламент үшінші сессия барысында Кәсіподақ туралы жаңа заң қабылдауы керек.

«Әлеуметтік жаңғырту, еңбек қарым-қатынастары мәдениетінің артуын талап етеді», - деген Мемлекет басшысы Парламент қазақстандық кәсіподақ қозғалыстарының жаңғырту ісін нақты қолға алу керектігін баса айтты.

«Үшінші сессия жұмысы барысында таяу аралықта Үкімет енгізетін Кәсіподақ туралы жаңа заңды қабылдау керек», - деді Н. Назарбаев.

Қазақстанның бірінші жартыжылдықтағы ішкі жалпы өнімінің көлемі жақсы көрсеткішке тең болып отыр.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің елдің ІЖӨ 5 пайыздан асты. Әлемдік экономикалық үдерістің бүгінгі жағдайында бұл - жаман емес көрсеткіш», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12 мың АҚШ долларынан асқандығын еске салып өтті. Бұған қоса, Н. Назарбаев Ұлттық қордың валюталық активтерін қосқанда Қазақстанның халықаралық жиынтық резервтері 90 млрд. долларға жуық қаржыны қамтып отырғандығын айтып өтті.

Сөз соңында Елбасы Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін мүмкіндіктерді кеңейту бағытында тиісті заңнамалық шаралар іске асырылып жатқандығын жеткізді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламентке жаңа сессияда жастар саясаты туралы заң жобасын қарауды тапсырды.
           «Әлеуметтік жаңғыртудың маңызды аспектілерінің бірі – жастар саясатын заңдық тұрғыдан нығайту. Осы орайда заң шығарушылар мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды қарап шығуы тиіс», - деді ол дүйсенбі күні парламент сессиясын ашу барысында.
           «Минималды стандарттар мен кепілдемелер, дене шынықтыру және спорт туралы тағы да басқа заңдарды қарап, қабылдау қажет болмақ», - деп қосты ол.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке жеделдетіп «жасыл экономикаға» көшудің негізі болатын заң жобаларын әзірлеп, парламенттің қарауына ұсыну жөнінде тапсырма берді.
           «Менің жарлығыммен «жасыл экономикаға» өтудің тұжырымдамасы бекітілді. Оны жүзеге асыру заңдарды жетілдіруді талап етеді. Бұл жұмысты парламент үшінші сессия барысында «жасыл экономиканы» қалыптастырудың заңдық негізін қарастыруға кірісуі үшін жеделдету қажет», - деп Н.Назарбаев бүгін Астанада парламенттің V шақырылымының үшінші сессиясының ашылу кезінде атап көрсетті.
           «Осыған байланысты үкіметке тиісті заң жобаларын қарастыруға енгізуді жеделдетуді тапсырамын. Бұл «Жаңа қуат» тақырыбында өткелі отырған EXPO-2017 халықаралық көрмесіне байланысты өте маңызды. Уақыт аз қалды», - дейді президент.