"ҚР парламенті сенатының тіркелген депутаттарына белгіленген үлгідегі куәліктер мен төс белгілерін табыс етуді ұсынамын", - деді Қ. Тұрғанқұлов.
Осы орайда еске сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан парламенті сенатының сегіз депутатын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Оралбай Әбдікәрімов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Ғани Қасымов, Төлеген Мұхамеджанов, Александр Судьин, Юрий Цхай секілді сегіз адам сенат депутаты болып тағайындалды.