Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құттықтау жеделхатында біздің еліміз Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен көптеген мәселелер бойынша, демократиялық және саяси дамуға қатысты саяси тығыз үнқатысу жүргізіп келе жатқаны, өзара тиімді қарым-қатынастарды тереңдетуге күш-жігерімізді біріктіретініміз аталып өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының жаңадан сайланған Президентінің саяси мол тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен дарыны ұйымның міндеті мен мақсатына қол жеткізуге ықпал ететіне сенетінін, Луис Мария де Пуиганың жаңа қызметі сәтті басталуына тілектестігін білдірді.