ҚР парламенті сенатының төрағасы ресми сапармен Бельгияға аттанып кетті

Сапар барысында Н.Әбіқаев Бельгия сенатының төрайымы Анн-мари Лизин, сыртқы істер министрі Карел Де Гюхт, Бельгияның ынтымақтастық және даму мәселелері жөніндегі министрі Арман Де Деккер және басқа да ресми өкілдермен кездеседі.

Қазақстан парламентінің өкілдері ұлтаралық және дінаралық тұрақтылық пен келісім орнату тетіктерін талқылауға арналған коллоквиумға, сондай-ақ, Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы ықпалдастыққа арналған дөңгелек үстелге қатысады.
Сапар 18-наурызға дейін созылады.