Caravan Logo

ҚР Парламенті жерді сатуды және жалға беруді тоқтататын заңды қабылдады

ҚР Парламенті жерді сатуды және жалға беруді тоқтататын заңды қабылдады

Парламент Сенаты "ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заң жобасын жасауға Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық себеп болды. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, мораторий жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген. Нақтырақ айтқанда, ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның нормаларын қолдануға мораторий жарияланды.

Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының нормаларын жүзеге асыру;


Екіншісі, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсыну;

Үшінші норма - мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беру.

Заң екі оқылымда қабылданды.