Осы жобаны жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталған Д.Ахметов , АЭА келешекте өңірде әлеуметтік өндірістік корпорация құрудағы басты құралдың біріне айналатынын атап өтті.
АЭА-тың басты кәсіпорны алюминий және болат өнімдерін шығаратын металлургиялық зауыт болмақ. Сарапшылардың пайымдауынша, әлемде бұл металлдарға деген сұраныс артып келеді. Кәсіпорынды келесі жылы іске қосу жоспарда бар, ал 2009 жылдан бастап кәсіпорын толық қуатына көшеді.
Ұсынылған ақпаратты және кеңеске қатысушылардың пікірлерін тыңдай келе премьер-министр жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) мақұлдады және айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып пысықтауды тапсырды. Осы ретте, Д.Ахметов, ТЭН-де жобадағы құрылыстың инфрақұрылымдық бөлігін қаржыландыруда мемлекеттік және жекеменшік салымдардың қатысу өлшемдерін нақты белгілеу қажеттігін атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті