Бұл мұражай-қорық облыстың Махамбет ауданында орналасқан. Ол 1999 жылы ашылды. Мұражай қорында 3 784 жәдігер бар. Олардың бәрі де Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.
К.Мәсімов әрқайсысының биіктігі 17 метрлік 8 хандар пантеонын аралап көрді. Олардың қасына Сарайшықта жерленген 7 ханның ескерткіші орнатылған. Қара мәрмәр тақтаға олардың аты-жөні және билік құрған кездері жазылған. Қорық құрамына сондай-ақ шағын мешіт кіреді.
Тарихы 14-ші ғасырдан басталатын Сарайшық қалашығының орны мұражай кешенінен 1,5 шақырым жерде. Қалашық Жайық жағасында орналасқандықтан жыл сайын көктемде Жайық тасығанда оны су басады. Бүгінгі таңда бұрынғы ежелгі мекеннің шағын ғана бөлігі - 600 де 600 метрлік орны қалған.
Мұражай жетекшісі Молдаш Бердімұратов Үкімет басшысына ғалымдар бірегей тарихи ескерткіштің қалдығын құтқару жоспарын жасағаны туралы әңгімеледі. Ең алдымен қалашықтың толық су астында қалмауын қарастыру қажет. Бұған жағаны бекіту үшін елеулі қаржы қажет.
Премьер-Министр Үкімет тарихи ескерткішті құтқарып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде берді.