Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ҚР премьері К. Мәсімов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өнеркәсіптің әртүрлі салаларының 75 кәсіпорынының өнімдерімен танысты. Оның ішінде машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, полиграфия және баспа ісі т.б бар.
Сонымен қатар, көрмеде Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған "Алтын сапа" өңірлік бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Бәйгеге қатысуға 88 кәсіпорын мен ұйым өтініш берген. Олардың ең үздіктеріне "Алтын сапаның" мадақтамалары, дипломдары мен жүлделері табыс етілді.