"Азиялық қоғамдастықтың төрағасы Ричард Холбрукпен кездесу кезінде үстіміздегі жылы 13 маусымда Астана қаласында өтетін бизнес-конференцияның тақырыбы талқыланды", - деп атап көрсетілген хабарламада.
Сондай-ақ кездесуде әлемдегі және Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдайдың кейбір мәселесі талқыланды.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси перспективасын атап өте келе, Ричард Холбрук Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайлануына қолдау көрсететіні туралы өз пікірін жеткізді
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың одан арғы перспективасы туралы мәселені талқылау барысында, Р. Холбрук "алдағы АҚШ президенті сайлауында кім жеңсе де, екі жақты ынтымақтастық дами беретін болады" деп сенім білдірді.
Кәрім Мәсімов Қазақстан АҚШ-пен арадағы ашық, сындарлы және жауапты әріптестік ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту қағидаттарын ұстануды жалғастыра беретініне тоқталды.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, түстен кейін премьер-министр Кембриджск энергетикалық зерттеу қауымдастығының президент Дэниэл Ёргинмен кездесті және әлемдік энергетикалық рыноктағы жағдай және Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту үрдістері туралы пікір алмасты.
"Үкімет Қазақстанның әлемдік энергоресурстар рыногындағы ролі мен жауапкершілігіне терең түсінісушілігін танытып отыр",- деп атап өтті Д. Ёргин.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, Азиялық қоғамдастықтың II халықаралық бизнес-конференциясының мәселесі премьер-министрдің Үндістан өнеркәсіп конфедерациясы өкілдерінің тобымен кездесуі барысында қаралды.
"Үндістандық өнеркәсіп делегация құрамына энергетикалық, құрылыс, химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетекші компаниялардың өкілдері енген", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
"Сіздердің делегацияның жоғары деңгейі мен тартымдылығы үндістандық тараптың екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген айқын ниетін білдіреді. Біз біздің елмен арадағы қарым-қатынастардың перспективасына сеніммен қараймыз және зор нәтиже күтеміз",- деді К. Мәсімов.