ҚР премьер-министрі Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Әділет министрлігінің алдына жер және құқықтық кадастрларды біріктіру міндетін қойды

"Жер кадастрын толығымен қарастыру керек. Ол бізде пайда болған кезде оны құқықтық кадастрмен біріктіру қажет", - деді К. Мәсімов экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов пен әділет министрі Зағипа Балиеваға арнаған сөзінде.

"Мүмкін, болашақта бізде бәрін біріктіретін мүліктің жалғыз салығы болар", - деді премьер. "Әрине, мұны қазіргі Салық кодексінде де істей салса болар еді. Алайда, техникалық жағынан ол мүмкін емес. Сондықтан, осындай тапсырма жүктеліп отыр", - деді сөз соңында ҚР премьер-министрі.