Д.Ахметов бұл жолғы сайлауда қолданылған "Сайлау" жүйесі Қазақстанды осындай жүйені қолданатын жоғары дамыған елдердің қатарына қосты деп атап көрсетті. "Бүкіл дүниежүзі осы бағытқа бет бұрды",- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов жүйе жоғары деңгейде қорғалғандықтан, өзінің сайлауда кім үшін дауыс бергенін "ешкім біле алмайды" дегенге сенім білдірді.