ҚР Премьер-министрі Францияға ресми сапарының аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді

Бұл туралы www.facebook.com:80/KMassimov блогында жарияланды.

Сапар барысында Кәрім Мәсімовтың Франция Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесулері жоспарланып отыр. Сондай-ақ Францияның іскер топ өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіледі және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Толығырақ ақпаратты http://pm.kz сайтынан және http://vkontakte.ru/kmassimov блогынан оқи аласыздар.