Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, К. Мәсімов Грузия президенті Михаил Саакашвилимен өзінің әріптесе Ладо Гургенидземен, НАТО-ның арнайы бас хатшысының өкілі Роберт Симонспен, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо және АҚШ сауда министрі Карлос Гутьерреспен кездесті.
Грузия мен Қазақстанның үкімет басшыларының арасында өткен кездесуі кезінде екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың даму мәселесі талқыланды. Л. Гургенидзе атап өткеніндей, Грузия үшін Қазақстанның инвестициялары аса маңызды.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Р. Симонс және К. Мәсімов арасында болған кездесуде, үкімет басшысы Қазақстан және НАТО арасында орныққан қатынастар одан әрі жалғасып, биылғы жылы қарқынды дамитынына сендірді. Симонс өз кезегінде, Қазақстанға үлкен ықыластықпен қарайтынын және Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.
М. Бришамбо ҚР үкімет басшысымен кездескен кезде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық қызметін атқаратынына байланысты құттықтады. Екі жақ Қазақстанның осы ұйымда міндетті қабылдамас бұрын, қолға алынатын шараларды талқылады. М. Бришамбо хабарлағанындай, олар Қазақстанның дайындық кезеңінде және ОБСЕ төрағалық ету қызметін атқаратын мерзім ішінде жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.
Ал АҚШ сауда министрімен К. Мәсімов екі ел арасындағы сауда-саттықты дамыту мәселелерін талқылады.