ҚР премьер-министрі мемлекеттік органдардың web-сайттарын тексеріп отыруға уәде берді

"Мен Интернетте жұмыс істеймін. Ақпарат құралдары арқылы мен өзімнің барлық әріптестеріме - министрлер мен агенттік төрағаларына ескерту жасамақпын. Мен әр алқа отырысы алдында сендердің сайттарыңды оқып жүрмін", - деді К. Мәсімов.

"Мен сіздің сайтыңызды қарап шықтым. Сіздің айтқандарыңыздың барлығы сәйкес келе бермейді", - деді ол Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаеваға.

"Мұнымен жұмыс істеу керек. Сыртынан қарағанда сайт әдемі. Бірақ, ақпараттық жағынан, оны пайдалану жағынан алып қарағанда істейтін істер әлі көп", - деп атап көрсетті премьер-министр.