ҚР Премьер-Министрі мен АДБ президенті Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады


Олар Қазақстан мен АДБ-нің қаржы-инвестициялық саладағы, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы, шағын және орта бизнес секторын дамытудағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанның бәсекеге қаблеттігін арттыру және экономиканы үдемелі әртараптандыру мақсатына қол жеткізудегі АДБ-ның рөлі атап өтілді. Тараптар сондай-ақ экономикалық әртараптандыру, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастығын күшейту бойынша бүгінгі қол қойылған ҚР Үкіметі мен АДБ арасындағы әріптестік туралы шектелмелі келісім нәтижесіне қанағаттанғандықтарын білдірді.