ҚР Премьер-министрі мен РФ Федералдық қызметінің төрағасы есірткі ағынымен күрес ауқымында Кедендік одақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Кездесу барысында халықаралық есірткі қылмысымен күрес, халықаралық есірткі топтарының Қазақстан аумағын Ресей және Еуропа елдеріне есірткі тасымалы үшін пайдалануына жол бермеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, есірткі тасымалымен күрес аясында шекаралас ынтымақтастықты қарқынды дамытуды көздейтін Кеден одағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.