Отырыс кезінде Д. Ахметов, Ресей мен Қазақстан "барлық салада, оның ішінде атомдық өнеркәсіп және атом энергетикасы салаларында ортақ энергетикалық саясат ұстануы тиіс", деп мәлімдеді. "Егер, энергетикалық ынтымақтастық жөнінде айтатын болсақ, біз көміртек энергетикасына бірнеше жоба салдық. Бірақ, Ресей Федерациясымен атом саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор болады, деп ойлаймыз", - деді премьер-министр.
"Мамандардың бірқатар сауалдары барын білемін. Басты мәселе, уран өндірісі мен оны өңдеуге арналған бірлескен кәсіпорын құруға қатысты. Ең маңыздысы - қазіргі заманға сай жаңа шығыр жобасын әзірлеп, өзге елдердің нарығына шығу", - деп атап өтті Д. Ахметов.
Әңгіме, Африкантов атындағы машина жасау тәжірибелі-құрастыру бюросының (Нижний Новгород) үш энергетикалық шығыры бар ВБЭР-300 АЭС жобасына қатысты болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер жоба жүзеге асып, Қазақстанда сондай шығырмен алғашқы АЭС салынса, осындай қарқынмен нарыққа шығуға болады.
Осыған дейін Қазақстан, атомды бейбіт жолда пайдалану бағдарламасын Ресей мен бірлесіп дамытуға ықтияр екендігін бірнеше мәрте мәлімдеген.