ҚР премьер-министрі Morgan Stanley банкінің басқарушы директорымен кездесу өткізді

Тараптар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тони Блэрмен кездесуі кезінде көтерілген, Қазақстан экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.

"Мен Қазақстан Ұлыбритания сияқты ашық экономикалы мемлекет болып табылады деп есептеймін және ынтымақтастықтың келешегі әрі жаһандық экономикадан пайда болуы үшін көптеген ұқсас жәйттер бар деп ойлаймын",- деді Д. Пауэл.

"Бұл елге инвестиция салуға болады. Мұнда еуропалық елдер тарапынан инвестиция салу үшін өте үлкен мүмкіндіктер бар. Сондықтан да біз еуропалық әріптестерді көптеп тарту үшін жұмыс істейтін боламыз, Қазақстанға инвестиция әкелетін оларды осы елмен, оның экономикасымен жақын таныстырамыз", - деп сөзін қорытты ол.