ҚР премьер-министрі қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет деп санайды

"Өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет, оның төлеу тәртібін жетілдіріліп, шығын мерзімдерін үш жылдан бес жылға дейін созып, қайта қарау керек ", -деді К. Мәсімов.

Премьер-министрдің пікірінше, ҚҚС төлеу тәртібін жетілдіруі керек. "Соның ішінде нольдік ставкасы қойылған экспорттық тауардың айналымын қарастыру тәртібін жетілдіру керек ", -деп атап өтті ол.

К. Мәсімов атап өткеніндей, "есеп шот фактурасын дұрыс тапсырмайтын жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту керек".

"Сондай-ақ, мен экономика министріне және қаржы министріне сату салығына өтудің қажеттілігі бар ма жоқ па, осы мәселені жіті қарастыруды тапсырамын ", - деді К. Мәсімов. "Біздерге нақты тұра айту керек: біз бұған көшуге дайынбыз ба, әлде дайын емеспіз бе. Егер дайын болсақ, бұған қатысты түрлі кереғарлықтар болмау үшін, оған қай уақыттан бастап көшуге болатынын айту керек", - деп қорытындылада премьер-министр.