ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Францияға аттанды

Парижде қазақстандық Үкімет басшысының Франция Премьер-Министрі Жан-Марк Эйромен кездесуі жоспарланған.

С.Ахметов Көрмелердің халықаралық бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен, ЭЫДҰ Бас хатшысы Хосе Анхель Гурриамен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің үлкен ауқымы, француз тарапының қазақстандық экономиканы жетілдіруге қатысуы талқыланады.


Бұдан өзге, ҚР Үкіметі басшысы Францияның іскер топтарының өкілдерімен кездеседі.