"Мен де жеткілікті деп есептеймін. Бұл үкіметке қысым жасау әрекеті. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі "КЕГОК" компаниясына тексеру жүргізуді бастауы керек", - деп түсінік берді К. Мәсімов "КЕГОК" АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиевтің капитал салымдары шараларын тежеуге ықпал етіп отырған генераторлар қызметінің бағасын реттеу саласында қалыптасқан белгісіздікке қатысты айтқан сөздеріне орай.
Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов солтүстіктегі энергия көздері өздерінің тарифтерін 14 пайызға қымбаттатқанын еске салды. "Бұл рұқсат етілген нормалар шегінде. Бұдан арғы өзгеріс инфляцияға әсер етуі ықтимал", - деді агенттік төрағасы.