"Елбасы "112" жүйесін Ресей, Еуроодақ елдеріндегідей әрбір азамат қандай да бір туындаған төтенше жағдайларды жалғыз телефон нөмірі арқылы шеше алатын мүмкіндік туғызатындай етіп жасауға тапсырма берген болатын", - деді К. Мәсімов.
"Төтенше жағдайлар министрлігі, осы министрліктің міндеті - бірінші кезекте, біздің азаматтарымызға олардың мемлекет тарапынан қорғала алатынын сезуге көмектесу болып табылады. Қандай төтенше оқиға туса да, біздің еліміздің азаматы ретінде ол қорғауға алынуы керек. Басты міндет - міне осы", - деп атап көрсетті ол.
Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко республикамызда "112" нөмірін енгізу бойынша қажетті шаралар жүгізіліп жатқанын атап көрсетті.