"Біз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесін көтеріп отырмыз, алайда, бізде мектептер мен ұстаздар жетіспейді. Бұны енгізуге мүмкіндік болмаса, онда ол туралы неге жариялаймыз. Одан да біраз уақыт күтіп, мектептерді дайындап, содан соң реформаларды жүргізетін боламыз ", - деп атап өтті президент.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, биылғы жылы республика бойынша, 68 мың орынды 88 мектептің құрылысы басталады. Ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынға арналған 102 орта білім беру мектептері тұрғызылады.
"Тек осындай істер арқылы біз 12 жылдық білім беру мәселесіне оралатын боламыз", - деді мемлекет басшысы.