ҚР президенті Алматы қалалық ішкі істер және денсаулық сақтау департаменттеріне арнаулы техникалардырдың кілтін тапсырды

"Полиция азаматтардың тыныштығын, құқығы мен бостандығын қорғауда бірінші қатарда тұрады. Полиция ең жоғарғы міндетті атқарады, биліктің тірегі мен қорғаушысы болып табылады. Біз ешқашан ешкімге полиция қызметкерлерін қаралауға жол бермейміз. Полиция қызметкерлерінің мәртебесін, деңгейін көтереміз",- деп мәлім етті президент.

Қазақстан Республикасының президенті денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарап сөйлеген сөзінде, халыққа медициналық қызмет көрсетудегі шығыс соңғы үш жылда екі есеге өскендігін айтты. "Медицинаға жылына 108 млрд теңге жұмсалады. Алдағы бес жылда Қазақстан Республикасында 200 жаңа аурухана салынады",- деп мәлім етті Н. Назарбаев.

Денсаулық сақтау департаменті Қытайда өндірілген "JinBei - Haise" маркалы жедел жәрдемнің 50 санитарлық көлігін алды, олардың жалпы құны 165 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі аппаратының бұқарамен байланыс жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы жалпы құны 36 млн теңгені құрайтын 10 "Газель" маркалы жедел жәрдем көлігі сатып алынған. Сонымен қатар осы жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен 35 млн теңгеге жуық сомаға 2 "Mercedes" маркалы реанимобиль сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ ішкі істер департаменті 128 бірлік көлік құралдары мен арнайы техника алды. Олардың жалпы құны 299,422 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы 16 көлік және 24 мотоцикл сатып алынған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті