ҚР президенті азаматтарды мүлікті заңдастыру мүмкіндігін пайланып қалуға шақырып, заңдастыру бойынша жүргізіліп жатқан акцияның соңғы екенін мәлімдеді

"Мен тағыда бәріңізге айтамын: қорқудың қажеті жоқ. Егер заңдастырылмаған, тіркелмеген, заңсыз алынған мүлік болса, барып заңдастыру қажет. Меніңше , осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек, себебі бұл соңғы акция. Бұдан кейін болмайды",-деп мәлімдеді президент.

"Кім осы мүмкіндікті пайдаланып қалмаса-ренжімесін. Біз барлық , әсіресе ірі компанияларды жіті тексереміз", -деп ескертті ол.

Елбасы атап өткендей, жүргізіліп жатқан акцияда "ауыл тұрғындары ұтты", мемлекет олардан салық алып жатқан жоқ.

"Заңдастырудың арқасында мыңдаған адамдар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен, салықтан босатылады",-деп атап өтті президент.

"Мен жеке өзім кепілдік бергенмін, адамдар қорықпай баруы тиіс",-деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, заңдастыру бойынша "акцияны өткізу мерзімін ұзартуға қол қоюын қатты сұрағандарын " айтты.

"Мен ұзартқым келген жоқ. Бірақ ақпан -наурыз айында 100-150 мың адам келді. Рәсімдеп үлгермей жатты. Адамдар бір -біріне қарап, осы іспен айналысу керек екенін енді түсінгендей. Сосын мен ұзарттым. Енді ешқандай ұзарту болмайды",-деп атап өтті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, президент "осы аралықта 140 млрд. теңгеге немес 1,2 млрд. долларға мүлік, 35 млрд теңгеге-жылжымалы мүлік, 600 млн долларға ақша заңдастырылғанын" атап өтті. "Жалпы 247 млрд теңге заңдастырылған, яғни 2001 жылмен салыстырғанда 4 есе көп", деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті