Елбасы Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып Абай Айдарханұлы Бисембаев тағайындалды.
Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Қайрат Пернешұлы Қожамжаров тағайындалды.