Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы уақытта мұнай бағасы жақсы жағына қарай өзгеруі мүмкін.
"Бүгінгі мұнай бағасы, яғни барреліне 50 доллар бізді қанағат етеді. Алдағы уақытта оның бағасы жақсы жағына қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан, биылғы жылы Қашағанды іске қосамыз. Мүмкін қазан айында іске қосатын боламыз. Оған қоса, Теңіз де дами түседі. Жалпы, алдағы 2017 жылдан бастап, 2020 жылдар біздер үшін жақсы болмақ", деді Н.Назарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сондай-ақ Елбасы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында əлеуметтік салаға көңіл бөліп, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға атсалысуға шақырды.