ҚР Президенті Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлыққа қол қойды

ҚазАқпарат оқырман назарына Жарлықтың толық мәтінін ұсынады.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 22 желтоқсан № 219