«әлемдік экономиканың дамуына, тарихи маңызды бастамалары мен интеграциялық үрдістердің құрылуы
және оны жетілдіру салаларындағы жоғары жетістіктері, Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін» Еркін экономикалық қоғамдастықтың (ЕЭҚ) Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Шараға РФ-дағы ҚР Елшілігінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Марапатты ұсынған Еркін экономикалық қоғамның басшысы, ресейлік белгілі экономист, Мәскеудің бірінші мэрі (1991-1992) Гавриил Попов Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей ЕЭҚ Үлкен Алтын медаліне ие болған алғашқы шетелдік азамат екенін атап өтті.
Өз кезегінде, Медальды қабылдаған Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Г.Поповқа ҚР Президентінің экономика ғылымындағы қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты. М.Тәжин атап өткендей, бүгінгі марапат жай құрмет көрсету ғана емес, бұл Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық диалогтың нығаюына, Ресеймен тату көршілес қатынастардың дамуына қосқан аса зор ғылыми және тәжірибелік үлесін мойындау.