ҚР Президенті: Халық санының өсуін ескерсек, таяу 30 жылда азық-түлік өндірісін еселеуге тура келеді

Бұл туралы Астана экономикалық форумы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарланған Ақорданың Твиттердегі парақшасында. 

«Халық санының өсуін, табысы мен урбанизациясын ескерсек, таяу 30 жылда азық-түлік өнімдері өндірісін еселеуге тура келеді», - деді Елбасы.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы: «Климат өзгерісі күткендегіден жылдам жүріп жатыр, ал оның ауыр салдары табиғат апаттарынан көрінуде», - деп атап өтті. 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Инфрақұрылым: Экономиканың тұрақты өрлеуінің драйвері» тақырыбындағы Астана экономикалық форумы жалғасуда.