ҚР президенті Латвиямен арада қол қойылған лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің маңызын жоғары бағалады

"Бұл күресте әлем елдерінің күшін біріктірмей табысқа жету мүмкін емес",- дейді Н.Назарбаев.

Дүниежүзінде есірткі өндіруден Ауғанстан алдына жан салмайтын болса, оны тасымалдау тораптары "біздің аумақ арқылы Еуропаға дейін, соның ішінде Латвияға дейін жалғасады",- деді президент. Осыған байланысты Елбасының айтуынша, "елдеріміздің арнаулы қызметтері мен барлаушыларының өзара ынтымақтастығының маңызы зор".
Ал Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберги ханым бүгін қол қойылған келісім арнаулы қызметтер мен ішкі істер органдарының өзара ақпарат алмасуына түрткі болу арқылы лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күресті күшейте түспек деп атап өтті.