ҚР Президенті М.Алтынбаевты «Барыс» Орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында заң шығарушылық қызмет талқыланды.  

Сондай-ақ Мемлекет басшысы М.Алтынбаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында оны I дәрежелі «Барыс» Орденімен марапаттады.