ҚР Президенті мен Катар сыртқы істер министрі екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катар арасындағы қатынастар жоғары деңгейде екенін атап көрсетті.  

-        Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың деңгейін одан әрі арттыруға жәрдемдесетініне сенімдімін. Катар біздің елордамыздың құрылысына, соның ішінде «Нұр Астана» мешіт салуға көмек көрсетті. Мен сондай-ақ Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін Семей қаласында салынып жатқан оңалту орталығы құрылысына жәрдемдескеніне алғысымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.

Бұл жоба Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының арасындағы өзара іс-қимыл ауқымында жүзеге асырылуда.


Өз кезегінде Халед әл-Атыя Катар әмірінің сәлемін жеткізді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.