ҚР Президенті мен Сауд Арабиясының королі екі елдің серіктестігінің басымдықты бағыттарын талқылады


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды. 

Әңгімелесу барысында Сауд Арабиясының королі Мемлекет басшысын барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, қазақстандықтарға бақ-береке тіледі.
Екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Саудия серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті. 
Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд елдеріміздің ғасырлар бойғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасы алдағы уақытта да Қазақстан мен Сауд Арабиясының достас халықтары мүддесіне қызмет ете беретініне сенім білдірді.